Бегущая строка1
Авторизация
AA+
Бегущая строка1
Название сайта
Новости Казахстана
stopbullying 4.png

"Білім негізі - Бастауыш"

Сыныбы: 0 "Ә"

Сынып жетекшісі: Әлжан Ұлбосын Раматуллақызы

2 наурыз күні 0 "Ә" сыныбында Сауат ашу негіздері пәнінен "Б" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.

Сабақты үш тілде сәлемдесіп, "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен басталды және жылы лебіз білдірумен басталды.

"Бәйтерек", "Балапан", "Ботақан" сөздері арқылы топқа бөліне отырып, хатқалта ішіндегі суреттерді құрастыру арқылы толық мәлімет берілді.

Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.

Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.

Сабаққа қатысып отырған білікті мұғалімдерге "Б" әрпіне байланысты балаларға ыстық лебіздерін айтуға тапсырма берілді.

Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында бауырсақ берілді.