Бегущая строка1
Авторизация
AA+
Бегущая строка1
Название сайта
Новости Казахстана
stopbullying 4.png

Сыныбы 3 “Д”

Сынып жетекшісі Тұрсынова Анар Серікқызы

3 наурыз күні 3 “Д” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сын есім” тақырыбы бойынша мотивациялық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Сын есім дегеніміз не екенін анықтау. Сын есімдерді табу, мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйрену.

Сабақ барысында “Сиқырлы сандар”, “Қолшатыр “, “Коллаж әңгіме” әдістері қолланылды.

АКТ құралдары тиімді пайдаланылды. Сабақ өте қызықты өткізілді.

Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.

 

Сыныбы: 1"В"

Сынып жетекшісі: Әбдіқалиева Жарқынай Байжігітқызы

Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: "Мәтін. Саусақ жаттығулары" танымдық сабақ

МАҚСАТЫ:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен арқылы ойды ым-ишара арқылы қимыл көрсету.

Coogle форм арқылы өткен сабақты ұялы телефоннан тест тапсырмасы орындалды.

Саусақ жаттығулары өлең шумақты QR арқылы тыңдалым және сандар реті арқылы Сөздік диктант орындалды.

Мектеп дефектологы Сейтжапбарова Қарлығашпен тыныс алу және тіл,ми дамыту нейрожаттығу, саусақ жаттығулары жүргізілді.

Мақсатқа бағытталған топтық, жұптық,жеке жұмыстар жүргізілді.

Оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүргізілді.

 

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні психология апталығы аясындағы "Бояулармен сырласу" арт-терапиясы өтті

Никтография-жіппен сурет салу, бұл дәстүрлі емес әдістің бір түрі. Оның көмегімен оқушылар ерекше қолөнер түрлерін жасай алады және олардың барлығы да оқушының шексіз қиялында пайда болады. Сонымен қатар өз сезімдерін талдауға үйренеді.

Негізгі мақсат

Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және көркемдік шеберлік пен эстетикалық талғамға баулу.

Жіппен сурет салу оқушылардың бейнелі ойлауын дамытып қана қоймай, қандай да бір дәстүрлі емес жағдайларға шығармашылық көзқараспен қарауға көмектеседі. Мұндай өнер табандылыққа, шыдамдылыққа, өзін өзі басқаруды үйренуге көмектеседі.