Сыныбы: 1 "Б"
Сынып жетекшісі: Айнура Жалиева Айбергенқызы
2 наурыз күні 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Елімнің мемлекеттік рәміздері»
тақырыбында саяхат сабақ өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.
Сабақ шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтудан басталып, психологиялық ахуал құрылды.
Саяхат сабағында жас ерекшелігіне сай топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді.
Заман талабына сай АКТ құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ қызықты өтті.
Сабақ жоспары пәнаралық байланыс, сергіту сәті, бағалау түрлері жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған.
Әр жұмыстан соң өзара және топтық жұмыстарын бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағаланып отырды. Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.
