Бегущая строка1
Авторизация
AA+
Бегущая строка1
Название сайта
Новости Казахстана
10.png
Событие 1
5.png
11.png
previous arrow
next arrow
Республикалық додада топ жарды
2025 жылғы 10-13 желтоқсан күндері Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.
 Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім алшақтығын қысқарту, шалғайдағы дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл додада мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жамбылқызы Жансұлу Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.
 Жансұлудың бұл жетістігіне бағыт-бағдар берген жетекшісі Максимова Майра Елубайқызына зор алғыс білдіреміз.
 Бұл – шәкірт пен ұстаз еңбегінің, мектеп ұжымының жүйелі жұмысының нәтижесі.
Дарынды оқушымызға болашақта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!