Бегущая строка1
Авторизация
AA+
Бегущая строка1
Название сайта
Новости Казахстана
stopbullying 4.png

Мектеп оқушылары күнделікті өмірде түрлі топтармен, өзге ортамен араласа отырып қарым-қатынас жасайды. Ал оқушылар қарым-қатынасының негізгі объектісі - олардың ұйымшылдығы мен бірлігі, ортақ психологиялық ахуал, әрбірінің көңіл-күйі, мақсат-мүддесі әлеуметтік-психологиялық ортада өзекті жайт ретінде қарастырылады.

Мектебімізде 28 ақпан мен 5 наурыз аралығында жүргізілетін «Жаңашылдық-заман талабы» тақырыбында психология апталығы бастау алды. Аталмыш психологиялық апталықтың мақсаты

Білім беру мекемелерінде оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау;

Оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру;

Бір-бірімізге көтеріңкі көңіл- күй сыйлау

Апталық жоспарына сәйкес аптаның әр күні арнайы тапсырмалар мен позитивті көңіл - күй сыйлайтын "Қолайлы орта", "Шығармашылық аймақ", "Жайлы демалыс" бағыттары бойынша ойындар, тренингтер ұйымдастырылады. Апталықтың алғашқы күнінде әр баланың қимыл-қозғалысын белсенділігін арттыру, ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Алақандар» акциясы өткізілді.