Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні "Жаңашылдық-заман талабы" атты психология апталығы аясында #Hand_made тақырыбында оқушылармен арт-терапия өткізілді. Арт-терапияның негізгі мақсаты
Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арылу;
Қиялдағы көріністерді би, ән, сурет арқылы жүзеге асыру;
Рефлексті анализ: жұмысыңмен таныстырып, сезімдермен бөлісу.
"Hand made" арт-терапиясы білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өнердің қыр-сырын жан-жақты үйреніп, баланың сурет салу дағдысын, ойлау, елестету қабілеттерін ашу, өзге достарын тыңдап, олардың өнерін тамашалау қабілеттерін арттырады.
Арт-терапия бұл тек емдеу ғана емес, ол тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі және кез келген жағдайды шешуге көмек. Сонымен қатар өнер арқылы емдеудің табиғи әрі қолайлы әдісі болып табылады. Арт-терапия шектеусіз. Әр адам өзінің сезімі мен ішкі жағдайын шығармашылық арқылы көрсете алады.
